ОҚО-ДА «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміз бен жерімізді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, насихаттау арқылы ұрпақ санасына патриоттық сезімді  сіңіруді  көздейді. Еліміздегі тарихи ескерткіштер неше ғасыр өтсе де кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқан әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы болып қала бермек.

Осы мақсатта, аталған мақаланы жүзеге асыруда ежелден өркениеттің өзегі болған Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» номинациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылған ортағасырлық 8 ескерткіш туралы «Оңтүстікфильм» мекемесінің жетекшілігімен «САҚ» киностудиясы 25 минуттан тұратын «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмін түсірді. Фильм режиссері-Батырхан Дəуренбеков, операторы- Айдар Мырзадәулетов.
Ұрпаққа мұра құнды дерекке бай фильмнің тұсаукесер рəсімі ОҚО тарихи-өлкетану музейінде «Қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асырудағы музейлердің ролі» атты семинар барысында кесілді.

       Фильмде өңіріміздегі тарихи ескерткіштер, киелі жерлер мен әсем табиғатқа ие сол замандағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан,  Қараспантөбе, Жуантөбе, Күлтөбе қалашықтары туралы баяндалады.

      Фильмнің мақсаты- Оңтүстік Қазақстан облысындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен таныстыру елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді дəріптеп, табиғаты әсем жерлерді көрсету арқылы туризм саласын дамыту, достық пен татулықты кеңінен көрсете отырып, салауатты өмір салтын насихаттап, өз елінің тарихын ұғындыру, жасөспірімдерге тәрбие беру болып табылады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.