ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ КАСТАМОНУ ҚАЛАСЫНА АТТАНДЫ

Биылғы жылды  Түркі елдері үшін «Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялағаны белгілі. Аталған жылдың салтанатты ашылуы мен Наурызнама мерекесіне Қазақстанның атынан оңтүстікқазақстандық өнер ұжымдары мен   ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева, 2017 жылы Түркияның Бурса қаласында өткен 31-ші Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауының бас жүлде иегері  «Қазына» би ансамблі, «Семсер» тобы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері Наркенже Серікбаева, Айнұр Әбілдаевалар аттанған болатын.
Осы орайда, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз бен Кастамону қаласының мэрі Тахсин Бабаш Түркі елдерінен келген делегаттармен кездесіп, мәдени жылдың жоспарымен таныстырды.
Түркиядағы өнер сапары 26 наурызға дейін Кастамону, Анкара, Болу, Ыстамбұл қалаларында, сонымен қатар, 24 наурыз — 6 сәуір аралығында Болгария, Македония, Босния, Албания, Черногория мемлекеттерінде Халықаралық Наурыз мерекесіне арналған концерттерде жалғасады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.