ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ҮЙІРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жуырда пайдалануға берілген Оқушылар сарайы бүгін алғашқы шәкірттерін қабылдап, үйірмелер жұмысын бастады. Үйірмелер 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Спорт және сауықтыру бағыты бойынша – 609, ғылыми-техникалық бағытта – 108, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында – 132, өнер және музыкалық бағытта –128, көркем-эстетикалық бағытта – 66 оқушы қабылданды.

Бүгіннен бастап тағы 15 үйірме сайтқа енгізілуде. Олар: гитара, қуыршақ театры, саксофон, флейта, таеквандо, шахмат, асық ату, волейбол, компьютерлік сынып, экология, гидропоника, бағдарлама жасау, сенсорикалық кабинет, дефектолог, фото-бейне өңдеу үйірмелері.

Спорт және сауықтыру бойынша 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Таэеквандо, шахмат, еркін күрес, тоғызқұмалақ, грек-рим, каратэ-до, бассейн, дзюдо, үстел теннисі, футбол, асық ату, волейболл, кикбоксинг, фитнес-зал. Ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 (физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника, lego құрылысы, химия. Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.  Өнер және музыкалық бағыт бойынша 8 атап айтқанда, домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка үйірмелері жұмыс істейді. Көркем-эстетикалық бағыт бойынша 3 — ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу өнері, қыш өнері, қолөнер үйірмелері іске қосылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.