Олжас ӘБІЛ, қаламгер:… қазаққа пайдасынан гөрі зияны көп боп тұр.

Бүгінгінің тойларында шиеттей балаларына шейін жұлқынып шығып әбден жауыр болған тосттарды айтып жатады. Бұл бізге орекеңдерден жұққан болу керек. Себебі, олардың тойлары жобамен сондай аста — төк, аңғыр — дүңгір боп келеді, стакан ұстап тілек айту дегені де сол жақтан келген. Ақиқатына көшсек, осындай дарақы, ысырапшыл, думаншыл, қайғысыз — мұңсыз тойлардың қазаққа пайдасынан гөрі зияны көп боп тұр. Бізде отау құрғандардың арасындағы ажырасып жатқан жанұялардың саны 40 пайызға жуықтап қалыпты. Бірақ оған ойланған бір қазақ болсашы.

Меніңше, бұл бітпейтін жырқыл қазақты санасыз, қайғысыз — қамсыз тобырға айналдырып жіберген тәрізді.
                                                                                                                                                            Аlashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.