Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ, абайтанушы: Орнына қою керек
Ел болудан үлкен, ауқымды, кең, шетсіз-шексіз, масштабты мақсат-мұрат болуы мүмкін емес. Ел болу жолында өзінің жеке амбициясын Елдіктен жоғары қойған кез келген адам – қазақтың дұшпаны. Ондайлардың жолын кесу керек, тайраңдатпау керек. Орнына қою керек. Әділ жазасын беру керек. Ондайлар Ұлттың ұлы денесіне шыққан жара, сыздауық не шиқан тәрізді. Олардан емделмесе, сақтанбаса – ұлт құриды, құрдымға кетеді. Сондықтан не оларды аяусыз сылып тастау керек, не бақыртып жараның бетіне құрым киізді күйдіріп басу қажет. Өтіміз жарылып кетсе де осыны мойын-дауымыз керек. Ел бола алмай отырғанымыздың басты себебі – отаршылдық құлдық. Отаршылдық құлдық – Ұлттың ұлы денесіндегі ең үлкен жара – осы.
qazaqtimes.com