ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИННІҢ ЖЕҢІЛДЕУІ – БОСАҢСУ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС

Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі де сақталады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті апталық лездемеде атап өтті.

«Карантиннің жеңілдетілуі – босаңсу деген сөз емес. Керісінше, жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінетін кез жетті. Психология өзгеру керек. Жиынға, керек емес топтасуларды мүлдем тоқтату керек. Карантинде той жасап, тойға барғандар жауапкершілікке тартылады. Өзгелердің өміріне қауіп төндіру – барып тұрған қылмыс екенін санасы бар адам түсіну керек. Облыс аумағында бетперделік режимді қатаң сақталып, мобильдік топтардың рейдтік тексеруін жүйелі түрде жүргізілсін. Әр әкім өзі үлгі болмаса, болмайды. Әр қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары бұл іске тікелей жауапты екенін ескертемін»,- деді Өмірзақ Естайұлы.

Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, күшейтілген шектеу шаралары демалыс күндері күшіне еніп отырады. Ойын-сауық, отбасылық іс-шаралар және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Жабық және ашық азық-түлік базарлары демалыс күндері жабылады. Тек жұмыс күндері сағат 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Демалыс күндері сауда үйлері де жабық тұрады.

Қаларалық және ауданаралық автобус тасымалдары әзірге тоқтап тұр. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында бала саны 15 адамнан артық болмауы тиіс. Сұлулық салондары мен косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы сенбі, жексенбі жабылып, қалған күндері жұмыс уақыты 18.00-ге дейін шектелген. Моншалар тек жұмыс күндері 21.00-ге дейін ашылады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.