ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДА ҚАЛЫПТАСҚАН «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан маңында қалыптасқан «Жасыл белдеу» аумағын аралап, қыста егілген ағаштардың көктегенін көріп шықты. Орман алқабында бірнеше тал егіп, көктемгі ағаш отырғызу науқанын ашып берді. Қала маңына егілген жасыл желектің аумағы 8 мың гектарға жуық алқапты алып жатыр. Алдағы уакытта оның көлемін екі есе арттыру көзделген.

Түркістанның айналасында қазірде 1-млн-нан артық жапырақты, көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Биыл да өңірде шаған, терек, қайың, қарағаш, арша, үйеңкі ағаштары отырғызылады.

Жалпы «Жасыл белдеу» жоспарының жартысына жуығы орындалған. Түркістан төңірегінде ағаш отырғызып, су жүйелерін енгізу жұмыстары наурыз айында толық аяқталмақ. Қазірде ұңғымалар қазылып, көшет отырғызылған жерлер қоршалуда. Қаланың іші мен айналасын көгалдандыру жаңарған шаһардың құрысындағы маңызды мәселелердің бірі. Күрт құбылмалы климатты өзгерту үшін жазық далада қолдан орман жасау жобасын жүзеге асырған Өмірзақ Естайұлы жасыл алқапты аралап жүріп, ауқымды жұмыс барысына көңілі толды.

«Жасыл алқап Түркістанның табиғи тынысына айналмақ. Соның арқасында ауа тазарып, қала шаң мен желді дауылдан қорғалады. Сонымен бірге, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ. Өйткені жасыл белдеу аумағында су арналары мен жасанды көл пайда болады. Түрлі жан-жануар мен мен сан алуан құстар мекендейді»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

«Жасыл белдеудегі» тәлімбақта Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін, тек өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибелер жасалды. Бұл өз кезегінде кейбір қылқанжапырақты тұқымдас түрлерін Түркістан қаласының айналасындағы «Жасыл белдеуде» өсіру үшін бейімдеу мақсатында жүзеге аспақ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.