ӨНБЕЙТІН ДАУДЫ ӨСПЕЙТІН ЕЛ ҒАНА ҚУАЛАЙДЫ

Айналамыздан ақыл айтатын ақсақал таппай, қарттарымыздың ішінен қария іздейтін бұл заманда ақ пен қараны айырудан қалдық па деп қорқамын. Жастарымыздың барлығы желпініп желінің қызығынан шыға алмай, алтын уақытын арзан дүниелерге айырбастап, үлкендер институтының өзі жол сілтеуден жаңылысып жатқанда,  ұлтты тәрбиелеу құралы болған «көңілге қонымды» бір бағдарлама таппай отырған біздің қоғамға сана түкпіріне қозғау сала отырып, байыпты ой түюге шақырған «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің «Тәлім Trend» бағдарламасын жаптырып тастауға кейбір қазақтың қаракөздері неге екенін сонша құлықты…

Кейбір қазақтың жанашыр қыздары дабыл қағып, «Мұхамеджан сөйлемесін, «Тәлім Тrend» жабылсын!» деп даурығуда. Қазіргі қазақта бір үрдіс бел алды. Ол – ел алдында жүрген белгілі тұлғаларды жабыла жамандау. Тіпті тірідей көрге көме салуға бейімбіз. Бұл өсем, өркендеймін деген ұлт үшін жақсылық емес. Неге біз сондаймыз?

Көруге тиіс дүниеге көз жұма қарауға шеберміз-ақ. Ал шын қолдауға тұрарлық игі істің бастауын бекіткіміз-ақ келеді. Қазаққа шын жанашыр болсаңыздар, ұлттық құндылықтарымызға қарсы келетұғын, жастарымызды азғындыққа апарып жатқан «Қалаулым» сынды бағдарламаны неге жаптырмайсыздар?!

Тәрбие мен тәлімді дәріптеп, ұлтқа керекті, ұрпаққа пайдалы ақпаратты насихаттап жүрген ағамыздың «Тәлім Trend» бағдарламасы көптің көңілінен шығып, алқалы жұрттың ақ батасын алып, рухани сусап қалған қоғамымызға руханият бастауын ашқандай болды. Діни әңгіме

“Асыл арнада”. Ал, бұл бағдарлама қоғамда өзекті болған мәселелерді қозғап, зайыр­лы қоғамның талабына сай танымал тұлғалардың пікірімен көмкерілген. Зайырлы қоғамға сай ұлттық құндылықтар паш етіліп, жұртшылық тағылым алатын дүниелер ұсынылады.

Қоғамда озбырлық пен азғындықтың жайылуы жақсылардың үндемей қалуынан екен. Сондықтан елім дейтін ерлеріміз сыналған сәтте үндемей қалу елдігімізге сын.

Ұлжалғас ӨСКЕН.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.