ӨНДІРІС ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ЖЕТЕЛЕЙДІ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болды. Филиалдың Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Альбина Елшиева, Гүлжайна Жартыбекова, Мадина Кенжебаева, Бақытжан Жақсықұлов және Алмасходжа Кайыпов осындағы «Қағаз» кәсіпорнының ұжымымен жүздесті.
Үміткердер фабрика мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, еңбек адамының әрдайым беделді екеніне тоқталды.
– Партиямыздың сайлауалды бағдарламасына жұмысшылардың құқығын, мүддесін қорғауды, оларға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеру бағыттары қаралған. Өндірістегі мамандардың денсаулығы мен өмірі сақтандырылуы тиіс. Осылайша жаңалықтар өзгерістерден басталады. Бұған дейінгі халықпен кездесулер барысында түскен ұсыныс-пікірдің барлығы мұқият сарапталып, егжей-тегжей зерттелген. Ендігі қалғаны – соларды жүзеге асыру. Ол үшін сіздердің сенімдеріңіз қажет, – деді Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Жанар Бектаева.
Кәсіпорын ұжымы мұндай бастамаларға разылық білдіріп, партия ұстанымын қолдайтындарын білдірді.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.