ӨҢІРДЕ АҚПАРАТТЫҚ — АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлының төрағалығымен Түркістан Жоғары медицина колледжінде ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті.   

Келелі кездесудің негізгі мақсаты — азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара іс-қимылды күшейту және түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы халықтың азаматтық белсенділігін арттыру, сондай-ақ жастарды адам болмысындағы ізгі қасиет адалдық пен әділдікке тәрбиелеу. 

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шарада Ғ.Асанұлы жиынға қатысушыларға ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелерін таныстырып,  бүгінгі күні жемқорлық көріністерін болдырмауға мемлекет саясаты  айрықша басымдық беріп жатқандығын жеткізді.  

 Аталған жиынға Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, облыстық мамандандырылған сот жанындағы алқа мүшесі, ақпараттық ағарту штабының жетекшісі Ұ.Мұстафаева, «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, Түркістан гуманитарлық-техникалық  колледжінің директоры, қалалчқ мәслихат депутаты, областық арнайы мониторингтік топ мүшесі А.Абпазов және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев қатысып,  жастарды жең ұшынан жалғасқан  жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

 Сондай-ақ,  ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері адал жолмен өрілген өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп,  жастарға оң бағыт-бағдар берді.  Колледж студенттеріне «Таза сессия»  жобасының мақсаты мен маңыздылығын жіті түсіндіріп, елдің кемел келешегін қалыптастыратын жастардың болмысында ең ізгі қасиет адалдық бой көрсетуі тиіс екендігін атап өтті.   

Алдағы уақытта аталған штаб тізіміне бекітілген Ұлжалғас Әбенқызы, Мархабат Байғұт, Мұрат Алимбеков, Шойбеков Бекарыс, Ғалымжан Елшібай, Абпазов Айдос, Тұңғышбаев Ерұлан сынды қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері  өңірде сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам қалыптастыру жолында белсене қызмет етіп,  жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.