Онлайн форматта өткен кездесу
Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен мекемелерге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсыныстар енгізеді.
Кезекті ұсыну қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты енгізіліп, қылмыстық істің мән-жайын қарастыру мақсатында қала әкімі аппараты мен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымымен онлайн форматта кездесу өтті.
Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, басшының орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас, қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов қатысты.
Іс-шарада орын алған бұзушылықтардың себептері мен жағдайлары кеңінен талқыланып, алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында нақты шаралар қабылдап, қала әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың сапалы жүргізілуіне назар аударылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгендігі хабарланды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі қатыушылардың назарына жеткізілді.
Шара барысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ұсынуды орындау мақсатында атқарылған жұмыстар тыңдалды.
Айта кетейік, жыл басынан Департаментпен мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша 12 ұсыныс енгізді.