ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ректоры, профессор Мырзабек Рысбеков, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Сүлейменұлы қатысты.
Салтанатты іс-шараны академия ректоры М.М.Рысбеков ашып, академия профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздіктің тарихы мен маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасына енген 1000 төсек орынға арналған көпбейінді клиника құрылысына да тоқталып өтті. Академия ректоры Мырзабек Мырзашұлының айтуы бойынша, ағымдағы жылы медициналық академия дүние жүзі бойынша үздік жоғары оқу орындарының құрамына кірген және академия ұжымы жоғары жетістіктерге жеткен.
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Сүлейменұлы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының бірқатар оқытушыларын Шымкент қаласы мәслихатының және Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Алғыс хаттарымен марапаттады.