ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БІРІҢҒАЙ САҒАТЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мұрындық болды.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Шара аясында қос мекеменің қызметкерлері Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыруда, әсіресе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бірге жұмыс жасау жолдарын талқылады.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті. Осыған орай қос мекеме бірлесе ынтымақтастықты кеңейте отырып біріңғай сағат өткізуді ұйғардық», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ə.Көмекбаев.
Айта кетейік, аталған шара облыстың барлық мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, құқық қорғау органдарында, қала, аудан әкімі аппараттарында, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктерде, этномәдени және діни, білім беру ұйымдарында өткізілді.