ОҚО-ДА АСТАНАНЫ БЕЙНЕЛЕЙТІН КІЛЕМ ЖƏНЕ ФОТОЖИНАҚТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Шымкентте өткен «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты іс-шара аясында өңіріміздегі кілем өндіруші кәсіпорындардың жəне облыстық Бейнелеу өнері музейінің көрмесі ұйымдастырылды.
Шарада еліміздегі тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған ең ірі кәсіпорын «Бал Текстиль» ЖШС-гі жұрт назарына 20 ерекше кілем ұсынды. Соның ішінде бірқатар кілемдерге Елбасымыздың суреті бейнеленсе, қалғандарында Астана қаласындағы ерекше маңызға ие Хан Шатыр, Министрлер үйі, орталық мешіт секілді ғимараттардың көрінісі суреттелген.
Сонымен қатар, облыстық Бейнелеу өнері музейі қорынан Астананың айрықша сипатын айқындайтын фотожинақтар жəне жергілікті қолөнер шеберлерінің гобеленьдерінен құралған 70-ке жуық жəдігерлер орналастырылды.
Айта кетейік, бүгінде «Бал Текстиль» ЖШС-гі еліміздің тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған кәсіпорын. Қазіргі таңда мұнда 2 мыңға жуық кілем түрлері шығаралады. Жалпы аумағы 6 гектарды алып жатқан зауыт жылына 5 млн. текше метр кілем шығаруға қауқарлы. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінге дейін 9 млн. текше метр кілем шығарып, 6 млн текше метр пропилендік жіп өндірген.
Суретті түсірген: Бейбіт Бертаев.