Оралда бес адамның өліміне кінәлі тұрғын бар-жоғы 2 жарым жылға сотталд
QAZYGURT.KZ: 2018 жылдың қарашасында Саратов облысында жүк пойызымен соқтығысып, бес жолаушысы қайтыс болған автобус жүргізушісі 2 жыл алты айға сотталды
«2018 жылғы 17 қарашада болған жол апатына байланысты Ресейдің Қылмыстық кодексінің 264 бабы, 5-тармағына сәйкес «Жол ережесін бұзып, екі және одан да көп адамның өліміне әкелді» деген айыппен іс қозғалды.
62 жастағы жүргізуші көрші елдің азаматы болған.
Саратов облысы бойынша Ресей ІІМ бас басқармасы тергеушілері жүргізген тергеу барысында, темір жол өтпесінде автобус жүргізушісінің жүк пойызымен соғысуына жол бергені анықталды. Нәтижесінде көршілес елдің бес азаматы қаза тапты», — деп мәлімдеді Саратов облысының ішкі істер министрлігі ресми сайтынд.
Тергеушілердің мәліметінше, қайғылы жағдайға жүргізушінің абайсыз әрекеттері себеп болған. Ол бағдаршамның дыбыстық сигналдарына назар аудармай, жақындап келе жатқан жүк пойызын көрмепті
Саратов облысы Ершов аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Алайда үкім әлі заңды күшіне енбеген.
АҚПАРАТ көзі: nur.kz