ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ДА ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

Ордабасы ауданында партия филиалының 44-ші конференциясы өтті. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 50 делегаттың бәрі қатысты.
Күн тәртібіне сай конференцияда төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Ордабасы аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту;  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Конференцияда дебатқа қатысқан облыстық маслихатқа үміткерлер төмендегіше дауыс жинады.   Үміткер Қ.Абасов 49 дауыс жинаса, Д.Әбіш 31,  Б.Тағаев 29 дауыс   еншіледі.   Қатысқан үміткерлер арасында әйелдер үлесі 37 пайызды құраса,  жастар 25 пайызды құрады. Алдағы уақытта Ордабасы аудандық мәслихатының құрамы едеуір өзгеріске ұшырап, жаңа депутаттар келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.