ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 60 МЫҢНАН АСТАМ БЕТПЕРДЕЛЕРДІ ТЕГІН ТАРАТТЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жергілікті тұрғындар, кітапханашылар мен еріктілер бас қосып, бетперделер тігуді қолға алды. Бүгінгі басқа түскен қиындықта ел болып еңсеретін, жұдырықтай жұмыла әрекет етудің қажет ететін уақытша дүрбелең екенін айтып жергілікті билікке тұрғындар өздері ұсыныспен келген. Ұсыныс қолдау тапты. Қауіпті індеттің өршуіне байланысты медициналық маскаларға сұраныстың артқаны белгілі. Әзірге жаңадан қолға алынған қорда 31 мыңнан астам бетперде бар.

Сонымен қатар, аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған 105 отбасыға бір айлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры таратылып берілген. Оған жергілікті халық қалаулылары мен кәсіпкерлер демеушілік жасаған.

Аудан бойынша короновирус дертіне байланысты 5 бағытта тәулік бойы жұмыс істейтін 5 блок — бекеттер орнатылды. Онда полиция мен денсаулық сақтау мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, қатаң тексерістен өткізуде. Жергілікті әкімдік тарапынан ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.