ОРДАБАСЫДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Ордабасы ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев пен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбекұлы облыстағы бірқатар Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен басқосуға Бәйдібек, Созақ аудандары мен Арыс қаласындағы ҮЕҰ мүшелері қатысты.
Жиында сөз алған қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев: «Еліміз Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеінің берік негізі» Жолдауы арқылы тарихи дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Ұлы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдар қызметінің маңызы жоғары. Үкіметтік емес ұйымдар — негізгі азаматтық қоғам институттары болып табылады. Конституцияның кіріспесінде ел мақсатының азаматтық қоғам құру екендігі айқын көрсетілген. Ал азаматтық қоғамға барар негізгі жол қоғамдық институттарды дамыту арқылы жүзеге асады» деп осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті.
Сонымен бірге, кездесу соңында ҮЕҰ қызметі мен белсенділігін арттыру мақсатында «ҮЕҰ дерекқорына, ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу» тақырыбында семинар өтті. «Оңтүстік жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған семинарға Түркістан облысының аудан, қалаларының ҮЕҰ жетекшілері мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында қатысушыларға ҮЕҰ дерек қорына ұйымдардың қызметі жайлы мәлімет енгізу бойынша ақпарат беріліп, басқа да өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.