ӨСКЕМЕНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ
GAZYGURT.KZ: 19 қаңтар күні Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді. Павлодарлық экстремал Қазақстанның рекордтар кітабына енді Якутияда спортшы 60 градус аязда 50 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті Атыраулық оқушы кубикті 12 секунд ішінде құрастырып шықты Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. Нақтылап айтсақ, Украина, Грузия, Түркия, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары Рыпакова жүлдесіне таласпақ. Атлеттер төмендегі спорт түрлер бойынша сынға түседі:
- 60, 400, 800 және 3000 метрге жүгіру;
- 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
- Сырықпен секіру
- Биіктікке секіру
- Ұзындыққа секіру
- Үш қарғып секіру
- Эстафета Айта кетер жайт, жарыстың негізгі бөлігімен бірге «Алтай» клубының балаларға арналған Athletics KIDS CUP турнирі ұйымдастырылады.
АҚПАРАТ көзі:inform.kz