Өскеменде полицей көлігі адамды қағып кетті

QAZYGURT.KZ: Өскеменде полицей көлігі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан келіншекті қағып кетті. Көлік апаты Шығыс Қазақстан облыс орталығының басты даңғылында орын алған. Келіншек көліктерге арналған бағдаршамның жасыл түсі жанған сәтте жолды кесіп өтпек болған. Осы тұста оны УАЗ қызметтік көлігін басқарған полицей қағып кеткен.

«Жол апаты Глубоковский ауданы полиция бөлімшесі қызметтік көлігінің қатысуымен болған. Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Көлік апаты фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2- бөліміне сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.