«Өз туған күнінде — өз таңдауын жасады»
«Жаңаталап» тұрғын алабындағы №58 референдум учаскесінде Алибеков Ергешбай өз таңдауын жасады.
Референдуммен тұспа — тұс келген Ергешбай ақсақал бүгін 80 жасқа толып отыр. «Референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Отанымыз гүлдене берсін! Ең бастысы – бейбітшілік пен қауіпсіздік» – дейді Ергешбай ата.
Референдум учаскесінде, таңертеңнен бері белсенділік жоғары деңгейде. Дауыс беріп жатқан адамдар саны артуда.