ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУҒА АТСАЛЫСАДЫ
«Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының директоры Асылхан Садуов пен бас кеңесші Қанат Тұяқбаев Өзбекстан Республикасына арнайы іссапармен барып, бірқатар келіссөздер жүргізді. Түркістан қаласындағыҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру аясында Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Madaniy meros ta’mirlash-tiklash» мемлекеттік кәсіпорны басшылығымен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдету, ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу, білікті мамандарды қамти отырып бірлесе жұмыс атқаруға бағытталған меморандумға түзілді. Сондай-ақ, қайта қалпына келтіруге арналған кірпіштерді даярлайтын өндірістік базаларды аралаған қазақстандық делегаттар құрылыс жұмыстарына қатысты көптеген мәселелерді де талқылады.