ӨЗГЕРІСТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА

Бірер күннен соң көптен айтылып, талқыланып жүрген республикалық референдум өтеді. Ата Заңымызға өзгертулер енгізу туралы Президенттің жарлығы шыққан күннен бастап еліміздің барлық өңірінде референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру топ құрылып, жұмысын бастап кетті. Міне осы мақсатта құрылған референдум бойынша Республикалық штаб мүшесі, журналист А. Жұқанұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов және қалалық мәслихат депутаты Ж.Таңатарова М.Әуезов атында ОҚУ ғимаратында ұстаздар қауымымен кездесу өткізді.

Жаңа Қазақстанды құру жолында жасағалы отырған қадамдар жайында алдымен жоғары оқу орнының мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізген штаб мүшесі А.Жұқанұлы, референдумның мәні мен маңызына тоқталды.

— Референдумның уақыты белгілі. Біздің қоғам референдум өткізуге сақадай сай. Өз басым, таңдау жасар сәттің туғанын алдағы оң өзгерістердің басталғаны деп білемін. Күні бүгінге дейін республикамыздың бар аймағында бұқараны кеңінен хабарландырып, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп, насихаттап келеміз. Сол арқылы еліміздегі саяси жүйе мен саяси басқарудың қайта құрылуы жүзеге асады. Референдумға барлығымыз ерікті түрде қатысып, дұрыс таңдау жасайық! – деді А.Жұқанұлы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.