Пайғамбар өсиеті

Қайсы біріңізге Раббым бір кәсіп арқылы ризық бермек болса, сол кәсібіңнің өзі өзгермейінше тастама.

***

Бірер кісіден: «Адамдар бұзылып кетті»,- деген сөзді естісең, біліп қой: сол адамның өзі бұзылған.

***

Көршілерің сені жақсы адам дейтін болса, жақсысың. Егер олар жаман дейтін болса, демек, жамансың.

***

Халықтың ішінен қырық кісі немесе одан да көбірек адам бір іс туралы куә болса, Алла олардың куәлігін қабыл етеді.

***

Бір момын екінші бір момынның басына тау құлатса, періштелер сол тауды қайтадан орнына қойғанша лағынет айтып тұрады.

***

Қашанда бір күнә жасап қойсаң, соны жуу үшін соңынан бір сауабы бар, қайырымды іс істе.

***

Кімде-кім өзінен байырақ немесе ақылдырақ адамды көріп қалса, дереу өзінен кедейірек әрі ақылсыздау адамдардың бар екенін есіне алсын.

***

Дүниеден өтіп кеткендердің тек жақсы жақтарын ғана еске алыңдар. Жаман жақтарына келгенде тілге тыйым салыңдар.

***

Бұл дүниеде адамдарды қатты азаптайтындарды – Алла қияметте аямай жазалайды.

***

Барына шүкіршілік ететін адамдар – Аллаға да шүкіршілік жасайды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.