ПАНДЕМИЯМЕН КҮРЕСТЕ КӨЗ ЖҰМҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ
Жетісай ауданының Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында пандемиямен күрес кезінде көз жұмған дәрігерлерді еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті.
Пандемия кезінде қоғамдағы қиыншылыққа қарамастан індетке қарсы тұрып, ауырып ем іздеген жандарға өзінің кәсіптік біліктілігімен араша түсіп жүріп жанын қиған ақ халатты абзал жандардың біразы бүгін арамызда жоқ.
Халықтың денсаулығы үшін күрескен ақ халатты мына абзал жандар әрқашан ел есінде. Атап айтсақ, Жетісай аудандық орталық ауруханасына қарасты Жылы су дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірбиелі дәрігері (ВОП) Жұрқабаева Шолпан Төребекқызы, перзентхана бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері Рудольф Ян және ауруханаға қарасты қалалық емхананың көлік жүргізушісі Текеев Тәттібай Тастанұлы, сондай-ақ, аудандық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Құрбанов Сүлеймен Нәжімеденұлы бастаған бөлімнің кезекші дәрігері Күзбағаров Базарбай Хайруллаұлы, жедел жәрдем бөлімінің кезекші диспетчері Үсенбаева Күлайым Қалдыбайқызы сынды қызметтік жұмыс барысында аянбай еңбек еткен жандар бар.
Турнирдің ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев, ардагер спортшы Бақыт Жанбырбаев пен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, аудандық аурухана дәрігерлері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай–ақ,турнирде өмірден өткен ақ халатты дәрігерлерге арнап құран бағыштау үшін Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Болатбаев қатысты. Турнирде Алматы, Шымкент қалаларынан және Сарыағаш, Шардара, Жетісай аудандарынан жалпы 16 құрама іріктелген.