Павлодардағы бес қабатты үйде болған өрттің шығу себебі анықталды
QAZYGURT.KZ: Павлодар қаласының тұрғыны танысының үйіне сату үшін алты қорап оқ-дәрі алып келіп, екеуі тауарды тексеріп көру үшін тумбаның үстінде жағып көрген.
«Өңір тұрғындарының бірі қоқыстан кеңестік заманнан қалған 6 қорап оқ-дәрі тауып алған. Ол өзінің танысымен спиртті ішкен. Артынан танысына оқ-дәрілерді сатуға кеңес береді. Ал оқ-дәрілердің жарамдылығын тексеру үшін оларды үйдің ішінде тұтатып көрмек болады. Тұтатқан кезде оқ-дәрілермен қатар үй ішіне тұрған заттар да лапылдап жана кетеді. Кешегі сараптау жұмыстарының нәтижесі бойынша, адам өлімі газ иісінен улану және күйіктің салдарынан болған»,-деді осы оқиғаға байланысты арнайы өткен брифингте Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Юрий Колесников. Осы оқиғаға қатысы бар екінші адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның денесін, бетін және бас жағын күйік шалған. Үй иесінің жұбайы түтіннен уланып, медициналық көмек сұрады. Ол үйіне жіберілді, бірақ амбулаторлық ем қабылдайтын болады. Оқиғаның салдарынан зардап шеккен өзге ешкім жоқ. «Оқ-дәріні алып келген адам бұған дейін Екібастұз қаласында тұрған, белгілі тұрғылықты жері жоқ. Туыстарының үйінде тұрып жүрген», — деген Юрий Колесников екеуінің де бұған дейін сотты болғанын айтып өтті. Қайтыс болған азамат пәтер иесі болып шықты. Айта кетейік, кеше Павлодар қаласындағы бес қабатты үйде жарылыс болды. Сағат 14:42 кезінде медицина қызметкерлеріне Мүткенов-53, бірінші кіреберіс мекенжайынан шақырту келіп түскен. Зардап шегуші 1986 жылы туған. Диагнозы: екінші және үшінші дәрежелі бастың жоғарғы бөлігінің және аяқ-қолдың термиялық күйігі. Бірінші қалалық аурухананың күйік бөліміне жатқызылды. Тағы зардап шеккендер 1965 және 1992 жылдары туған екі әйел; екеуі бірінші дәрежелі күйік алған және түтіннен уланған. Олар бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1992 жылы туған, ауруханаға барудан бас тартқан 35 жастағы әйел көз жұмды.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz