Перзентхананың қателігінен сәби 14 жыл бойы ата-анасының қамқорлығынан қағылды

Ақмола облысында қыз бала туған анасынан айрылып, балалар үйінде он төрт жыл бойы өмір сүрген деп, хабарлайды Today.kz Өңір прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анығы сол, мұндай жағдайға құзыретті органдардың өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқармауы нақты  себеп болып отыр.

Сәбидің  анасының айтуынша, перзентханада оған туылған баланың салмағының аздығынан шетінеп кетті деген. Сәби 950 грамм салмақпен туылған. Сондықтан ана баласының одан арғы тағдыры жайында қызығушылық танытпаған.

Перзентхана қызметкерлері тастанды бала жайында акт толтырып, сәбиді  балалар үйіне, одан ары қарай Ақкөл кентіндегі балалар үйіне тәрбиеленуге беріп жіберген. Он төрт жыл бойы  ата-анасы бола тұра қыз бала балалар үйінде тәрбиеленіп келген.

Айта кетелік, қазір бала ата-анасына табысталды. Перзентхана орталығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.