Полицейлер қалтасында есірткі алып жүрген шымкенттікті құрықтады
Ағымдағы жылдың 5-желтоқсанында таңғы сағат 4:00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқайды.
Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетіне салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.
Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетіне салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда 25 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.