Позитив, күш пен сергектік қуаты

Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Анам, әкем және мен – спорттық отбасы» байқауы өтті. Әскери қызметшілердің отбасылары түрлі қызықты және серпінді байқауларда жеңіске жету үшін бақ сынасты.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлер бригадасыәскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бойынша қызметі үшін әскери қызметшілердің отбасыларындағы әл-ауқат туралы қамқорлық басым бағыт болып табылады.

Жарыстар эстафета форматында өткізілді. Бірінші кезеңде барлық командалар гірмен, гимнастикалық секіртпемен және футбол доптарымен жаттығулар жасап жарысты. Әрі қарай, аналарға бәрінен де ауыр болды, өйткені олар жалпы әскери қорғаныс костюмін комбинезон түрінде киіп қашықтыққа әрі уақытқа жүгірді, ал әкелер ағашаяқпен жүру сайысында өздерін цирк әртістері сияқты сезінді.

Сонымен қатар командалық сайыстардан бөлек, жеке байқаулар да өткізілді. Мысалы, аналар қашықтық пен дәлдікке жаттығу гранаталарын лақтыра отырып, дәлдік пен күш жағынан өзара жарысса, әкелер бұл уақытта пышақтарды лақтырып, бойлы фигураны шаншып алуға тырысып, ас үйдіңтіршілігіне қатысын көрсетті.

Жас қатысушылар балалардың мергендігін, ептілігін, сондай-ақ қолдарының моторикасын дамытатын «Асық ату» ойынында жарысты.

Отбасылық-спорттық мереке арқан тартумен аяқталды, оған жанкүйерлер де, ұйымдастырушылар да қатыса алды.

Байқау қорытындысы бойынша төрешілер алқасының мүшелері әр отбасы жинаған балдарды санау арқылы үздіктерді анықтады. Жарыс жеңімпазы Субикиндер отбасы болды, екінші үшінші орындарды Арзанбековтар мен Байбековтар отбасылары бөлісті.

Барлық отбасылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

«Бұл жарыстар балалар мен ата-аналардың ептілігінің сынағы ғана емес, сонымен қатар әрбір отбасы командасының ұйымшылдығының көрсеткіші болды. Мұндай байқаулар өте қажет. Ол ата-аналар мен балаларды жақындастырады, өскелең ұрпаққа шынайы отбасылық құндылықтар туралы түсінік береді, салауатты өмір салтына баулиды. Жарысқа қатысқан барлық отбасылар жеңімпаз атанды. Жағымды энергия, достық пен қуаныш ұзақ уақыт бізбен бірге болады деп сенемін», — деп атап өтті әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Меруерт Жұбанова.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.