Президент айтқан «Как бог, как царь» дегеннің біреуі шымкенттік пе?
Сарабдал саясаткер Елбасы мемлекеттік орган қызметкерлерінің кейбірінің халыққа қызмет көрсетуде
мансапқа мастанып, астамшылдық жасайтындығына ренішін білдіріп, олардың өздерін «Как бог, как царь» сезіне тіндігіне əділетті түрде ащы сын айтқанына бүкіл ел тұрғындарының риза болғаны баршамызға аян. Амал не, жаманшылықты жоюдың оңай еместігі көрініп қалатын болса, соның бірі тура Шымкенттен
шыққан сияқты.
Көше тұрғындарының хатында: «Транспорт бөліміне көше тұрғындарының атынан барған азаматымызға
аталған бөлімнің инспекторы Құрбанова Фарида деген ханым: «Қайда барсаңдар онда барыңдар, сендерге жол төселмейді. Қайда, қай жерге жол төсеуді мен шешемін. Шымкент қаласы менің ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда»,-деп қайтарған. Сол 2012-2017 жылдардан бері осы бір ханымнан арызымыз өтпейді, ал жолымыз төселмейді.
Тіпті Əл-Фараби ауданының əкімі Б.Қалжановтың көшенің бір тұрғынының көзін ше телефон соғып: «Фарида, біз бұл көшеге неше жылдан бері ұсыныс беріп келеміз, тұрғындардан да ұят болды», — деген сөзін елемейтініне не деуге болады?
«Как бог, как царь» болған бұл ханымға құрметті облыс басшысы, Жансейіт Түймебаев мырза, Сіз не дейсіз! тұрғындары 2013-2017 жылдар аралығында қайта-қайта арызданып, асфальт төсете алмаған көшенің кіре беріс жері «жол керек» деп бірде-бір жан арызданбай-ақ, Əл-Фараби ауданының əкімшілігі ұсыныс бермей-ақ, судай жаңа асфальт төселгенін айтып шырылдайды.
Көше тұрғындары: « Бұл қалай? Бұл жерде «бармақ басты, көз қысты» деген жасырын дүние жатқан жоқ па? Айналдырған 350 метр жерге асфальт жабындысын төсету үшін 5-6 жылдан бері жылына 2-3 реттен арыз тастап, əкімнің қабылдауына кіріп, нəтиже шығартқыза алмаймыз. Осының сыры баршаға түсінікті шығар»,- деп жазыпты.