Президент екі анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тапсырды
QAZYGURT.KZ: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде тапсырды.
Мемлекет басшысының қолынан екі ана төсбелгі алды. Біреуі — Алтынай Сәрсенбаева. Ол — Атырау облысының тумасы. 2000 жылы Құрманғазы ауданының Байда ауылдық мектебін бітірген. Бүгінде Хәлел Досмұxамедов атындағы университеттің филология факультетінде 4 курста оқиды. Жасы — 36-да. 2004 жылы тұрмысқа шығып, бүгінде жеті баланың анасы атанып отыр. Жеке бизнесі бар. Жолдасы екеуі үй салып, қазір сол жерде отбасымен бірге тұрады. Алтынайға «Алтын алқа» төсбелгісі табысталды. Ал Мәншүк Мәмбетоваға Президент «Күміс алқаны» тақты. М.Мәмбетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істейді. Доцент атағы бар. Жолдасы екеуі алты баланы тәрбиелеп отыр. Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бір топ әйелдер қауымымен кездесті. Сол жерде Мемлекет басшысы барша аналар мен қыз-келіншектерді 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
«Ананың құдіреті шексіз. «Оның алдында бүкіл дүние бас иеді» деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. «Ана» деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды», — дейді Н.Назарбаев.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz