ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ

Қоғамда адалдық, паарсаттылық қағидаларын насихаттау мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы «Парасат» басқармасының басшысы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Гүлбақыт Дулатова «Бизнес және басқару» жоғарғы мектебі мен «Заң» факультетінің профессор-оқытушыларымен онлайн кездесу өткізді.
Іс-шарада Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюға болатындығы айтылды.
Адамдық пен адалдық, сенім мен парасаттылық қағидаттары айтылған рухани жиында Штаб мүшесі Гүлбақыт Дулатова еліміздің болашағы аталған құныдылықтарды бойына сіңірген азаматтардың қолында екендігін, ал сол азаматтарды тәрбиелеуде жиынға қатысушылардың рөлі күшті екендігін жеткізді.
Шара соңында қатысушылар жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарлауға шақырылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.