Р.ЗАЙЫТОВ: Рухы кемiген халықтың жастары да «солқылдақ» келедi
Бiр ауыз сөзбен түйсек, қазаққа алдымен рух, сонан соң ұлттық намыс жетпейдi. Әйтпесе, Құдайға шүкiр, басқа жағымыздан кемдiк көрiп отырған жоқпыз. Егер қоғамда қазақтың қор өмiр сүрiп, халықтың кедей тұрмысы болса, онда осының бәрi қазақтың өзiн-өзi тануының жетiспеуiнен. Рухы кемiген халықтың жастары да «солқылдақ» келедi. Яғни, бiздiң жастардың әсiре дiнге берiлiп, өмiрлiк жолдарынан адасып бара жатқандарын айта кеткен жөн сияқты. Исламның жолына түсу қылмыс емес. Тек өзiмiздiң көрiнген келiмсек дiнге есiк ашып отырғанымыз – қылмыс. Қазiр өзiмiз сенетiн исламның бiр ағымы айтысқа, ән, өлең айтуға, беташар сияқты ұлттық дәстүрге қарсы келiп жүр.
dalanews.kz