Р.ЖҰМАЛЫ Басқаның жаны ауырмасы анық

Елдің тағдырын шешуге тікелей жауапты лауазым иелерінің өзі адал болмаса, жемқорлыққа белшесінен батса, ұл-қыздары шіріген байға айналып заңнан жоғары тұрса, олардан не күтуге болады? Халықтың мүддесін қорғайды дегенге кім сенер?

Асылы, адалдық қана емес халқына жақын болып қарапайымдылықты сақтау да – сөз бостандығынан келіп туындайтын ақиқат.

Қытайдың ең жаман қарғысы “Тосын өзгерістер дәуірінде өмір сүр” деген болса, қазақта – “Білме, білгеннің тілін алма” екен. Осы қос лағынет қатарынан бүгінгі қазақ қоғамына тұспа-тұс келіп отырған сияқты. Рас, бұл жалғанда қатып қалған еш нәрсе жоқ. Өмір болғаннан кейін қыстың аязын көктемнің шуағы, ескі буынды жас ұрпақ алмастыратыны секілді кез-келген қоғам да жаңарып отырады. Тек біздің жағдайда өзгерістің өркениетті жолмен іске асуы осы елдің ұлтжанды азаматтарына, олардың ерік-жігеріне байланысты. Басқаның жаны ауырмасы анық.

informburo.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.