Радикалды идеологияға қарсы шаралар
Діни экстремизмнің пайда болуы мен көріністері бұл күндері жан-жақты зерттеліп, оған қарсы тұрудың саяси-әлеуметтік, құқықтық тетіктері жасалды, әрі олар жылдан-жылға жетілдірілуде. Соның нәтижесінде бірқатар кері ағымдар қызметі тоқтатылып, олардың жымысқы әрекеттері жалпы халық алдында әшкереленді. Экстремистік және лаңкестік әрекеттері үшін қаншама азаматтар, солардың қатарында жастар бас бостандықтарынан айрылып, абақтыға жабылды.
Радикалды идеологияның таралуын құқықтық немесе күш көрсетумен ғана тоқтату мүмкін еместігін орынды түсінген Қазақстан жергілікті діни-рухани бірден-бір жолы дәстүрлі діни ұстанымды кеңінен дамытуға баса көңіл бөлуде.
Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының белсенділігін арттыруға, діни қызметкерлері мен имамдары қатарының білікті мамандармен толықтырылуына тиісті қолдау көрсетуде.
Діни экстремизм әрекеттері мен діни адасушылыққа жол бермеуде тұрғындар арасында діни ағартушылық тәрбиелеу жұмыстарына баса мән берілуде.
Сонымен бірге атқарылып отырған жұмыстардың әсерлі болуында бұқаралық ақпарат құралдарының да маңызы мен рөлі ескерілуде. Оларда қазіргі күні атқарылған шараларды жарыққа шығарып хабарлаумен қатар, арнайы діни мәселелер, ұлттық құндылықтар төңірегінде бағдарламалар, ток-шоулар ұйымдастырылуда.
Ақпараттық заманда өмірдегі келеңсіздіктер мен діни экстремизм идеологиялары, лаңкестікке жол бермеу, олардың алдын алуда БАҚ құралдарының орны мен мүмкіндіктері зор екендігі мәлім. Сондықтан оның жұмысы одан әрі белсендіре түспек.