Рамазанға байланысты Баспасөз мәслихаты өтті
Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз жиынына ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев және қала имамдары, ұстаздар, Жастар секторы мен Зекет қоры өкілдері қатысты.
Баспасөз мәслихаты өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің қасиетті Рамазан байланысты құттыуын сөзін жеткізуден бастады.
Мұнымен қатар, оразаның шарттары, қайырымдылық шараларын өткізу, рухани іс шаралар өткізу, мешіттерде ауызашар рәсімдерінің жәйі, пітір садақасы мен айт намазының оқу уақыттары сынды т.б. мәселелер айтылды.
Жуырда ғана құрылған облыстың бас мешіті жанындағы Ақылдастар алқасының облыс халқына арналған үндеуі жария етілді.
Баспасөз мәслихаты барысында «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар ТВ», «Отырар» телеарналар мен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік рабат» т.б. газеттер тілшілерінің сұрақтарға жауап берілді.