РАУАН БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ…

16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов ем қабылдау кезінде өмірден озған полиция қызметкерінің отбасына барды.
Рауан Нуриддинұлы Аманжолов — Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің полицейі болатын. Антына адал, кәсіби маман бола білген қызметкерді жеке құрам ешқашан ұмытпайды. Мерекелік тарту ретінде кір жуатын техниканы табыс етті.
Әкесі Нуриддин Ауелбекұлының шаңырағына барып, марқұмның рухына құран аяттарын түсірді.
Өз кезегінде, қаза тапқан полицейдің әкесі Шымкенттің бас полицейіне арнайы келіп, көңіл бөлгені, қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.
«Рауан біздің есімізде. Ұмытпаймыз. Осы мейрамда ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен арнайы құттықтауға келдік. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ауырмаңыз. Аман болайық»,- деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Мұсаәліұлы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.