РЕФЕРЕНДУМ ХАЛЫҚҚА ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕДІ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық партия филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері Е.Бертаев, Н.Анарбеков референдум бойынша Ақжар елді мекенінің тұрғындарына референдум бойынша түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді.
Республикалық референдум — Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру болып табылады. Кез келген референдум — азаматтардың белгілі бір мәселе немесе сұрақ бойынша ерік білдіруінің бір түрі. Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымға жоспарланғаны баршамызға мәлім.
Кездесу барысында жиналған тұрғындарға мемлекеттің басты құжатына қандай өзгерістер енгізілетіні және референдум тәртібі туралы кеңінен түсіндірілді. Ал, жергілікті қауым өз кезегінде Жаңа Қазақстанды құруға барынша атсалысып, референдумға қатысып, дауыс беретіндерін жеткізді.