РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫ ҚАНДАЙ

Бүгін Абай ауданына қарасты Ж.Жабаев атындағы №26 мектеп-гимназиясында референдум өткізудің маңызы мен тәртібі туралы жиын өтті. Кездесуге ҚР Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракция мүшесі Б.Бекжанов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, партияның Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев қатысты.

Мәжілісмен ұстаздар қауымына 5-маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумның ережесі, тәртібі туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, мұғалімдердің «Референдумға кімдер қатыса алады?» деген сауалына Б.Бекжанов былай жауап берді:

— Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Алайда сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Референдумда дауыс беру жергілікті уақыты бойынша сағат 07-00 ден 20-00 — дейін өтеді. Еліміздің жарқын болашағы үшін референдумнан қалыс қалмай, өз дауысыңызды беріп, таңдау жасаңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.