Ресейде турист әйелді аю талап тастады

QAZYGURT.KZ: Приамурьедегі туристік базада аю шабуылынан зардап шеккен әйел Амур облыстық ауруханасында хал үстінде жатыр. Әйелдің сол қолын кесіп тастауға тура келген. Бұл туралы сейсенбі күні өңірлік денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген.

«Зардап шеккен әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ауыр жарақат алған. Қан тамырлары қатты зақымданғандықтан, сол қолын кесіп тастауға тура келді», — дейді министрлік өкілдері. Ресей ІІМ-нің «Благовещенский» муниципалитетаралық бөлімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға дүйсенбі күні кешкісін болған. Әйел қапастағы аюға азық беремін деп қолын созған заматта жыртқыш оның қолын талап тастаған. Жедел топ оқиға орнына жетіп, тексеріске материалдар жинаған. РФ Тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы өкілдерінің айтуынша, осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс барысында турбазаның аюды ұстау мен келушілердің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық тұрғыда баға беріледі.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.