«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МАРАФОН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионында «Республика күні» мерекесіне орай жасөспірімдер арасында марафон ұйымдастырылды.

Марафонға Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы, партия филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Байқонысов Ербол Рәбілұлы, «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының Бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Орынбаев Мақсат Мұсаханұлы, жас футболшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Марафонда 100-ден астам жасөспірімдер белсенділік танытып, соңы 8 командаға бөлініп, футбол өткізілді. Барлық жастарымызды бұқаралық спортқа баулу арқылы, ұлтымыздың денсаулығы нығая түсетінін және партиямыздың бағдарламасында айтылғандай қала тұрғындарының спортпен шұғылдану деңгейін алдағы бес жылда 42 пайыздан 50 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы межеге жету үшін барша тұрғындар күнделікті спортпен шұғылдану керек екенін айтып, Республика күні қарсаңында барлық спортшыларға сәттіліктер тілеп, марафонға қатысқаны үшін алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.