РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ АТСАЛЫСТЫ

Түркістан қаласында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Түркі бағы» саябағында сенбілік өтті. Игі бастамаға облыстың белсенді жастары атсалысты. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға бағытталған акцияға 100-ге жуық жас пен университет студенттері қатысты. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақ аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, талдардың түптерін әктеу шаралары қоса қамтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.