РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР КӨШ БАСТАДЫ

Ақтөбе қаласында 25-28 наурыз аралығында ересектер жəне əйелдер арасында белбеу күресінен ел чемпионаты өтті. Додада Түркістан облысының балуандары 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленді. Жалпы командалық есепте өңірдің спортшылары 1-орынға қол жеткізді.
«Шәкірттеріміз алдағы уақытта өтетін Əлем жəне Азия біріншіліктерінде ел намысын қорғайтын болады. Балуан қыздарымыз да осал емес. Жарысқа үкілеп қосқан Гүлзира Құдасбек 58 келіде 3-орын, Шахноза Абдуқадырова 52 келіде 2-орынды еншіледі. Үмітіміз ақталды. Бұдан да биік белестерді бағындаратындығымызға сенімім кәміл», — деді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Түркістан облысы бойынша белбеу күресінің президенті Қуатбек Байхожаев.
Белбеу күресінің классикалық түрі бойынша ерлер арасында 57 келі салмақта Қалмұхан Тұрмаханбет 1-орын, 75 келіде Дəурен Дəмен 2-орын, Аян Ермекбаев 3-орын. Ал, еркін түрінен 82 келіде Ернар Байжігіт пен 90 келіде Айдос Кұлманбетов ел чемпиондары атанды. Сондай-ақ, 62 келіде Мадияр Жамбыл, 82 келіде Аян Ермекбаев күміс жүлдеге, 82 келіде Аян Ермекбаев, 90 келіде Жасұлан Міркенов, 100 келіде Мейірбек Байжігіт қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.