Рухани мұра
Ертеден келе жатқан сабақтастықты жалғастыруда да осы діннің маңызы зор болды. Адам имандылыққа салынып, өзінің адамдық негізінде өмір сүріп, бұл өмірдің өткінші, қайтып келмейтіндігін, өмір бар жерде өлім бар екендігін сездіретін ол ислам діні.
Адамға мына ғұмыр өткінші, ол өзінің қайтіп келмейтіндігімен өзгешеленеді. Ал ислам діні осы ғұмырдың өткінші екендігін ескере отырып, адамның адамшылдық негізін жоймауға үлкен үлес қосатын рухани ілім саласы.
Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Исламдағы танылған діни-саяси жəне мəдени алғы шарттар классикалық дерек көздерді талдау арқылы анықталады. Діннің қалыптасуы мен даму ерекшелігі ондағы «ижтиһад» ұғымының дінді пайымдаудағы басты шарт ретінде болып табылатындығы анықталып, Құран, хадис жəне сүннетке, сондай-ақ «ақидаға» қатысты көзқарастарының ерекшеліктері айқындалуда. Ижтиһад исламды өмірлік тəжірибеге, бейімділікке əкеледі.
Дін күнделікті өмірмен жəне кейбір жекеленген практикалық мəселелермен байланысты болады. Адамдардың дінге деген көзқарастары өзгеріп, жаңадан мешіттер, діни оқу орындары ашылып, мектептерде араб тілін оқытып, Құран кітабын дұрыс оқи бастады, осының өзі дінге деген бетбұрыс.
Дін өзінің қоғамдық болмысымен, байланысымен жəне оның бейнелеу формасымен сипатына қоғамдағы қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты күрделі. Халықты тұрмыс- тірлікке тəн əдет-ғұрыпқа, салтқа тəрбиелеу — бүгінгі жағдайдың міндеті.