РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖОЛЫНА ТҮСЕ АЛДЫҚ ПА?

Бұл сауал қоғам тынысында екінің-бірін мазалайтындығына ешкімнің де дау айта алмасы анық-ақ. 70 жылдағы «бас изеуден» құтылып, енді еңсені көтереміз бе дегенде, дақпырт пен мақтанның «урасына» шырмалып, еркін ойлау мен еркін сөйлеу де көзден ұшып кетті. «Көршің соқыр болса, көзіңді қыстың» кері келіп, «жарапазаншылардың» жанынан ұзай алмай қалдық. Алты мың жылдық тарихы бар ұлтымыздың құндылығына әлем ғұламалары ден қойып, оны үйреніп, білуге құлшына кірісіп жатқанда, мына жақта біз азғындыққа кетіп, беталдылықты өмір тынысы еткен Батыстың былығына баттық та кеттік. Елде «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмай қалды.

Ел ішінде азғындықтың бел алып бара жатқанының жоғарыға жеткені ме, әйтеуір елімізде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» жариялануы соның айқын көрінісі ретінде бір үмітті оятқандай болғанымен, қарапайым қалың көпке керек болмаған рухани жаңғырудың билікке қажеті қанша? Олар тек рухани жаңғырудың «показуха» ойынын көрсетіп қоюды ұмытпайды. Бір мектепте оқушылардың әдеби кешін өткізіп, 2-3 ән айтылса, рухани жаңғырудың баяндылық тапқанын айтып, алаулатып шығатын болдық. Бір ауылдан музыканың даусы шығып қалса, рухани жаңғыруды айтып, қол соғатын болдық. Тіпті, біреулер ізгі ниетпен «Көкпар» беретін болса, соның өзін де рухани жаңғырудың «көзірі» етіп көтеретін болдық. Көшеден ысқырық естісек, «міне, жаңғырудамыз» деп мәз боламыз.

«Басиесіз елдің иті – осырақтың» күйін кешіп отырған жоқпыз ба?

Ел Тәуелсіздігі қолға тиді. Ортақ Отанымыздың жарқын болашағына нағыз мемлекетшіл жандардың ерен еңбегімен қатар, сындарлы сәтті жеке мүддесіне пайдаланып қалуды «қалт» жібермейтіндер де қалыспай келе жатыр. Солардың қатарындағы ел тізгінін ұстауға қолы жеткен «қорқау» шенділер «жалаңбұт демократия» мен «жабайы рынок» сияқтыларды қиыннан қистырып, өз білгенін жасап қана қоймай, қарапайым қалың елдің беталдылыққа кетуіне мүмкіндікті беріп қойды. Сөйтіп, «итің ұры» десе намыстанатын қазақ өзінің табиғи болмысынан ажырады.

Сан мыңдаған жылда намысына басып, барымтаға барып қалғаны болмаса, құмырсқаға қиянат жасауды білмеген қазақтың төредей жігіттері қазір түрменің төрін бермей отыр. Өмірінде есігіне құлып салып көрмеген қазақ тауық ұрлап сотталып, ата тегінің аруағын қорлауға жетіп тынды.

Ойлы бабамыздың бірінің: «Тоқсан көрейін деген жасым ба еді, Быламық ішейін деген асым ба еді?!» -дегеніндей, ұлдарының «қызтеке» болуы қазақтың көрейін деген сұмдығы ма еді?

Басқаны қойғанда, бас қаламыз Алматы мен астанамызда біржыныстылардың түнгі клубтарының жұмыс істеп жатқанына намыстанудың орнына, «демократия» ғой деп бетіміз «бүлк» етпейді. «Қызтекелердің» түнгі клубтарының тұрақты «клиенттері» қазақ ұлтты байшыкештер мен шенді-шекпенділердің ұлдары екенін білсек те, білмегенсиміз.

Жұмыр жердің бетінде қызын қазақтай құрметтеген ұлт бар ма, өзі? Жоқ. Оның бәрі кәрі тарихтың бетінде жатыр. Осы уақытқа дейін жаман аты шықпаған қазақтың қызы тарихтың үшінші мыңжылдығында «морт» сынады дегенге кім сенеді? Бұл да бір ұлтымызға келген Алланың сынағы шығар. Ал, енді оған қарсы тұрар намысты қазақ қайда?

Қазақтың бойжеткен қызы тыржалаңаш шешініп, түнгі клубтарға жиналғандарға барын көрсетіп шығатындығы қазақтың түсіне де кірмеген шығар. Студент қыз «пәктігімді» 1 млн-ға сатамын» деп телеарна арқылы әлемге жар салып жатса, қазақ үшін бұдан өткен қорлық бола ма?

Мына жақта иісті негрдің, анау жақта қысық көз қытайдың әйелі болуға мәз болған қазақ қыздарын телеарнада жарнамалауға рұқсат беріп отырған қазақ шенеуніктерінде ұлттық намыс бар деп кім айта алады? Шымкенттің басты көшелері мен вокзалдарын, сауналарын басып қалған қазақтың жезөкше қыздары. Олардың арасынан бірде-бір түріктің, армянның, тәжіктің, тағы басқа да өзге ұлт өкілдерінің қызын таба алмайсың. Қазақтың жәлеп қыздарының дені ауылдан келген қыздар. Қаланың қызы да қалыс жатқан жоқ. 8-сыныптан жоғары оқитын қаншама қыздар түнгі клубта таң атқанша болып, әке-шешесіне «подругамның» үйінде болдым деп, жасөспірімдер ісі полициясын қан қақсатып жүргендер қаншама.

Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысындағы монша алдында өзбек, түрік, әзірбайжан т.б. өзге ұлт өкілдерінің 80 жастан асып қалған «қуыс кеуде жігіттерін» санын жалтыратып күтіп алып, шалдың бетін жалап, ішке кіріп бара жатқан 16-17-ден 21-22 жасқа дейінгі қазақтың жәлеп қыздарын көргенде жүрегің қан жыласа да, қолыңнан еш нәрсе келмейді. «Крыша» болып, солардың пұтының ортасынан нан жеп жүрген қазақтың арыстандай жігіттері «күйеу балаға» да, жезөкшелерге де шыбын қондырмайды. Бұл жердің сырын шымкенттіктер ғана емес, алыс-жақын көрші елдерге дейін біледі.

Әсіресе, қазақтың оқушы қыздарының «он екіден бір гүлі ашылмай жатып» бүлініп, тағдыр тауқыметін тартатыны өкінішті-ақ. БАҚ бетінде Тараздық 200-ден астам оқушы қыздың екіқабат болып қалып, оның 60-тан астамы туайын деп жатқанын жазғанда, намысты бір қазақтың «Жанайғайын» есітпедік. Осыдан кейін «қазақпын» деп айтуға намыстанатын шығармыз.

Қастерлеп келген ұлттық құндылығымызды аяқ асты етуі  елімізге «Азаматтық некенің» келуімен басталды. Азаматтық неке  – зинақорлардың тыныс-тіршілігі.

Қасиетті ислам дінінде ең ауыр күнә – адам өлтіру болса, одан кейін зинақорлық тұрады. Сол зинақорлыққа еліміздің есігі айқара ашылғанын қай қазақ жоққа шығара алар екен? Енді қазақтың ұлы мен қызы бір үйде ерлі-зайыптылардай тұра беретін болды. Бұлар мешітте некесін қидырмайды, болса да АХАЖ-да ресми тіркеліп, «Неке туралы куәлігін» алмайды. Бар білетіндері – «біз азаматтық некеде тұрамыз» деп айту ғана. Жасаған «Келісім-шартында» екеуі де еш нәрсеге міндеттенбеген соң, демек екі жәлептің бір баспананың астында тұратындығы да, бұл. Азаматтық некедегілерді олардың ата-аналары 100 пайыз біледі, бірақ намыстанбайды. Бізді құртып жүрген осы.

Ал, жас отбасылардың ажырасуы жөнінде айтуға тіл бармайды. «Жас қазақ» газетінде биылғы жылдың жеті айында 60 мың некеге тұру тіркеліп, оның 29 мыңы ажырасып кеткендігі туралы мәліметті көргенде төбе шашың тік тұрады. Осындай ұлттың жарқын болашағы бар деп кім айта алады? Мұның бәрі болатын емес, тозатын елдің көрінісін беріп тұр ғой. Осы сұмдықтардың бәрін есітіп те, көріп те, біліп те отырмыз. Адам болуды ұмытып, ада болуға жетіп қалғанымызды шынымен сезбегеніміз бе?

Жүрегімізден неге орнықты ой, орынды сөз шықпады?

  Өңірдегі атқарушы органның рухани жаңғыруға қатысты атүсті жүргізетін жұмыстары бес жасар балаға да белгілі болып қалды. Жұртшылық қалың елге шынайы жаңашырлық көрсететіндердің табылатынына сенді. Ашық алаңның шындығын саралап, жарқын істердің жаңашыл бастамашылдығын көріп, нақты істердің ұтымды ұсыныстарын есіткісі келді. Оңтүстік өңіріне Қазақстан Республикасы Жур-налистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың іссапарымен келіп, Шымкентте БАҚ өкілдерімен кездесіп, Түркістанда журналистер форумына қатысуы қаламгерлердің бірқатар мәселелерден хабардар болуына мүмкіндік бергендей болып еді.

Шымкентте өткен алқалы жиында ҚР Журналистер одағы төрағасы С.Матаев сала жұмысының тыныс-тіршілігінің барысына тоқталып, журналистиканы өміршең етудің өзекті мәселелері туралы сөз қозғады. Өз кезегінде сөз алған оңтүстік қаламгері, ардагер ақсақалы Б.Қонысбеков оңтүстік қаламгерлерінің еселі еңбегі туралы айта келіп, олардың ынтымақ, бірлігінің беріктігіне тоқталып өтті.

Сондай-ақ жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов өз ұйымдарының  БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқандарын тілге тиек етті. Алдағы болатын Парламент сайлауына дайындықта «Нұр Отан» партиясының қарқынды жұмыс істей бастағаны Б.Нарымбетовты қатты алаңдатқаны ма, әйтеуір әңгіме ауанын тәпсісінен жаңылғандай өзгертіп салды. Партиямыздың «көсемі» БАҚ мәселесін жайына қалдырып, өзінің күн-түн демей тынымсыз тірлікпен жүретінін жыр етуге көшіп кетті. Ол өзінің мыңдаған адамды қабылдап, мәселелерінің бәрін шешіп тастағанын асқақ үнмен әңгімелеп шықты. Ол өзінің жұмысқа қуана келіп, жұмыстан қуана қайтатынын айтқанында мәз болып тұрды. Осыны көрген ежелгі әріптестері өз көздеріне өздері сенбегендей танданысты.

Аса жауапты кезеңде партияның тізгінін ұстаған алғыр ойлы Бауыржан Байбектің Б.Нарымбетов сияқтыларға сене қоюы екіталай деген дақпырттың босқа айтылмағаны ма? Б.Нарымбетовтың түн-ұйқысын төрт бөліп ойлайтыны – «Отырар» телеарнасының тізгінін ұстау» деген де тектен-текке айтылып жүрген жоқ-ау, әсте. Идеологиялық жұмыстардан тәжірибесі бар бұл азаматтан жиналған көп рухани жаңғырудың өзекті мәселелерін есітуді күткенімен, амал не, ол өзін жарнамалауға кетіп қалғаны бір түрлі ерсілеу көрінгендей сезілді. Ол жерде сөйлегендерден ғана емес, жиналған қаламгерлердің өзінен қалың көптің күткен нәрсесі көп еді, не шара, «басқосу болды ма, болды» болып тұрғаны өкінішті-ақ.

“Рухани жаңғыру Түркістанның төрінен басталған” деп жазылды, бірақ…?

Осы тақырыпта газетімізде екі беттік көлемді мақала жарияланды. Ұлтымыздың рухани жаңғыруы киелі Түркістан жерінде басталып, оның нақты істері оңтүстік өңірінің ардақты ақсақалы, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының (төрағасы Ж.Әзіретбергенов) бастамашылдығымен өміршеңдік тауып жатқанын дәйекті дәлелдермен жазған болатынбыз. Облыстық ақсақалдар алқасының мүшелері мен ел ағалары халықтың ортасына барып, өздері басында жүріп атқарған игі істерінің оң нәтижесінің бүгінде Түркістан қаласында жалғасып кеткенін айрықша айтуға болады.

Сонда қарапайым халықпен етене араласа отырып, жергілікті атқарушы билік органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы көпке үлгі-өнеге етерліктей қандай жетістіктерге қол жеткізді? Бірінші, барлық ауылдар мен елді мекендерді секторларға бөлген, сол жердің барлық тыныс-тіршілігі сектордағы көше комитеттерінің басшылығымен жұмыс істейді. Ауылдағы қабылданған шешім мүлтіксіз орындалады, яғни адамдар бір-бірін тыңдайды.

Қазір Түркістан қаласы мен оның ауылдарында тойдың түнгі сағат 23:00-де аяқталатыны бүкіл республикаға үлгі-өнеге болып айтылуда. Өзбек бауырларымыздың жеті күнге жалғасатын тойы екі күннен ары аспайтын болды. Тойлардағы даңғазалық тоқтатылып, “гулянкіге” 3-4 машинадан артық жүрмейтін болды. Салт-дәстүріміздегі еріккен әйелдің тыққыштаған дарақылығынан арылып, ысырапшылдықты тоқтатты. Той-томалақ ғана емес, жаназа шығарудың рәсімдері де көңілге қонарлықтай болып реттелді.

Жастар тәрбиесі, жас отбасылар жағдайынан бастап, ауылдың тентек-телісін тізгіндеп ұстауға дейінгі мәселелер көптің назарында болып, тиісті шаралар көруге дейін қарастырылады. Өткен жылы ел ішінен заң және тиісті органдарға түскен 61 арыз-шағымның 60-ы ел ішінде ақсақалдар алқасының араласуымен шешілген.

Түркістаннан бастау алған рухани жаңғырудың жарқын істері облыста кең қолдау тауып кете алмады. Рухани жаңғыруды сүйреп жүрміз дейтін атқарушы биліктің төбесіндегілері болмаса да, олардың  “көсем кеңесшілері” мен “данышпандарына” түркістандықтардың бастамасының  “географиясы, не биографиясы” ұнамай қалды ма, әйтеуір серт бергендей үнсіздікте жатты. Жақсылықтың игі істері қалың елге, халыққа керек. Осыны түсіне білген, есімдері ел ішінде құрметпен айтылатын Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев пен Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаевтар Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының озық іс-тәжірибесін өз аудандарына енгізуге батыл кірісіп кеткендері құптарлық іс болып тұр. Рухани жаңғыруды қысыр сөзбен қуа бермей, нақты істермен баянды ету  ең басты міндетіміз болып қала беретіні хақ.

О.Қалтасов.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.