С.ЕҢСЕГЕНОВ,  Сенат депутаты: Бұл әділ және заңды талап

Тұрғындармен кездесулерде олар ән өнерінің болашағына алаңдаушылықтарын білдіріп, бұл саланың жекелеген тұстарын заңнамалық тұрғыдан реттеу туралы ойларын айтады. Соның ішінде, әншінің шынайылығы, табиғилығы, оның өнерін тыңдауға келген адамдарға өзінің даусымен ән орындауы өзекті мәселе болып тұр.

Фонограмманың жаппай және жалпылама қолданылуына халық наразы. Фонограмманы қолдану көрерменнің тұтынушы ретіндегі құқығына нұсқан келтіреді. Ән өнеріне оның ақысын төлеп келген әрбір адам әншінің жанды дауыстағы сапалы қызметін алғысы келеді. Бұл әділ және заңды талап. Ақылы қызмет сапасы тұрғысынан құнына лайықты болуы тиіс. Бұнымен қоса, фонограмманы жаппай қолдану техника мүмкіндігін пайдалану арқылы өнерден алыс кей адамдардың сахна төріне шығуына жағдай туғызады. Бұл – осы уақыттың ақиқаты, көпшіліктің ойында ғана емес, аузында жүрген әңгіме. Ел ішімен бірге, сырт елдерде де, танымал аға буын әншілердің де пікірі осындай.

«ЖҚ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.