С.ЕҢСЕГЕНОВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ: ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕН БІР МЕЗЕТТЕ 5 ТОННАДАН АСТАМ ӨЛІ БАЛЫҚ ЖИНАЛҒАН
Атырау облысы аумағындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуына байланысты азаматтар алаңдаушылық білдіруде. Қазақстандағы су айдындарында, соның ішінде Жайық — Каспий бассейніне қарасты суларда балықтардың азды-көпті қырылуы соңғы жылдары жиі орын алып отыр. Дегенмен, желтоқсан айының ішіндегі балықтардың жаппай қырылуының көлемі мен одан келген залал мөлшері орасан. Жайық өзенінен бір мезетте 5 тоннадан астам өлі балық жиналса, соңғы ақпараттар бойыша «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытының 164 бекіре тұқымдас балығы өлген. Сол сияқты «Луговой ат зауыты» ЖШС-ның тоғанынан алынған 1647 бекіре тұқымдас балықтардың 42-сінен басқасы өлген. Кәсіпорын жалпы саны 30 мыңнан астам бағымдағы бекіре тұқымдас балықтан айырылған.
Baq.kz