С.КЕРІМБАЙ, журналист: Парақорлық жайламаған бiр де бiр сала қалмады

Ақша көбейіп еді қоғамда «бәрін сатып аламыз» деген жаңа мінез пайда болды. Парақорлық жайламаған бір де бір сала қалмады. Әсіресе денсаулық пен ілім-білім және оқу жүйесі ғарыштық жылдамдықпен күйреді.
Титықтап отырған қара халықты анандай пайызбен қарызға кіргізу деген, білмеймін енді, фашизмнен асып түсетін бірдеңе шығар. Мұндай процентпен қарыз беріп, адамды құлдыққа жегу – соңғы рет VII ғасырда Меккеде ғана болған шығар. Арсыз чиновниктер сатылатын не бар – бәрін сатты. Ашылмай жатып банкрот болатын зауытта есеп жоқ. Мемлекет шылқып байыды. Жаңа қала салынды. Бірақ 30 жылда рухани, мәдени, адами сала саудагер сарттың бөзіндей боп іріп кетті.
АР-ҰЯТЫ бар адам қайда саған? 30 жылда барлық саланы «ақша мен билік болса болды» дейтін арсыздар армиясы жайлап болған жоқ па? «Қой, ұят болады» дейтін арлы адамның бәрін орындарынан ысырып, қудалап, соттап, қоғамнан аластап шаруасын бітірген жоқ па? Жаппай тонау мен ұрлауды тоқтататын механизмді кім, қашан, қалай жасайды енді?!

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.