С.Мешітбайқызы: Бәлкiм, одан да көп

Жер дегенде Қытай алдымыздан шығатыны да өтірік емес. Қазақстандағы мұнай өндірісінің 25%-ы қытайлық компаниялар үлесінде екені анық ақпарат. Қазақстан мұнайын игеруді осылайша бастаған Қытай компаниялары өз позицияларын жыл өткен сайын күшейте түскен. Ол аз десеңіз, Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр. Бәлкім одан да көп…Ел мен жерге жауапты президент ретінде «…Егер шүршіт келмесін, егер шүршіт қаптаса, Алып бір кетер ақтарып, көмулі көрден денеңді» деген бабамыз Бұқар жыраудың толғауын естен шығармағайсыз?…
Әлеуметтік желі деген біреуге бақ, біреуге дақ болып тұр ғой. Не іздесең бәрі бар. Өсек-аяң мен әлемдік ақпарат та тізіліп тұр. Кім қалай байыды, кімнің қазынасы қайда жасырулы… бәрі ашық. Ең сорақысы – зорлық- зомбылық, интимдік қатынастарға бала-шағаның да қолы жетімді. Кейде би­лік басындағы азамат­тарға орынсыз соқ­тығу, тіл тигізіп қа­ра­лау да белең алып жатады. Прези­дент мырза, осы әлеумет­тік желі мәселесіне де қатаң шара қол­дануды қолға алсаңыз? Заң арқылы тыйым салып, бұғаттауды жүзеге асырмасақ бәрі кеш бола ма деген күдігім бар.

elana.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.