С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледi»
Менің таңғалатыным, биік лауазымды орындарда отырғандар мұндай өте маңызды мәселенің арты не болатынын білмей, зерттемей оғаш ойларды айта салуы. Онсыз да ушығып тұрған, азғындықтың шегіне жетіп тұрған мәселені одан сайын құртуға, одан сайын ушықтыруға олар әдейі, қасақана осындай жағдай жасай ма деген ойға да келемін кейде. Айналайындар-ау , Елбасымыз: «Рухани жаңғырайық!» деп, «Ұлы даламыздың 7 қырын» айтып, «30 мемлекеттің қатарына тұрайық!», — деп күні-түні ұйықтамай әрбір сөзін мірдің оғындай жеткізіп, шырылдап жүргенін көрмей жүрсіңдер ме? «Елбасы айтқандай», «Елбасының тапсырмасымен» деген сөздерді ауыздан тастамайсыңдар. Ал өздерің бірдеңе айтсаңдар халықты ұлардай шулатып, наразы етесіздер? Мұның бәрі «Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі».
«ЕҚ»